Қытай шілде айында мұнай импортын 16,1%-ға азайтты
Қытай шілде айында 43,69 млн тонна мұнай импорттады, бұл маусым айымен салыстырғанда 16,1%-ға аз, бірақ өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17%-ға артық, деп хабарлайды Интерфакс Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Қытай сатып алынған шикізат құны 23,9 млрд долларды құраған. Орташа тәуліктік мәнде өткен айда Қытайға тәулігіне 1,409 млн тонна мұнай жеткізілді. Ал баррельге шаққанда 7,3 – 10,287 млн баррельді құрайды. Бұл осы жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі көрсеткіш саналады. Ал мамыр мен маусым айларында импорт көлемі рекордтық көрсеткіштерге жеткен. Ол айларда сәйкесінше бір тәулікте 12,114 млн баррель және 12,668 млн баррель мұнай импорттаған.
Ал қаңтар-шілде аралығында мұнай импорты 325,75 млн тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға артық екен. Бұл ретте ақшалай мәндегі құны 12,3%-ға төмендеп, 187,3 млрд долларды құраған.
Қытайға ең көп көлемде Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай экспорттайды. Ол елдерден барлық жеткізілетін мұнай көлемінің үштен бірі импортталады. Шілдеде Эр-Рияд мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге ерікті түрде қысқартуды бастады. Бұл шара тамыз және қыркүйек айларына дейін ұзартылады. Бұған қоса, тамыз айынан бастап Ресей мұнай экспортын тәулігіне 500 000 баррельге, ал қыркүйекте – 300 000 баррельге қысқартатынын мәлімдеді.
Өз кезегінде Қытайға мұнай өнімдерінің импорты өткен айда 4,5 млн тоннаға дейін өсті, бұл маусым айымен салыстырғанда 2,3%-ға және бір жыл бұрынғыдан 2,8 есеге артық. Мұнай өнімдерін жеткізуге мемлекет 2,2 миллиард доллар жұмсаған.
Жалпы, 2023 жылдың алғашқы жеті айында Қытай 27,01 миллион тонна (15,26 миллиард доллар) мұнай өнімдерін импорттады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Панедмияға байланысты шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін Қытай экономикасының өсуі 2023 жылы әлемдік энергетикалық нарықтың негізгі драйверлерінің біріне айналды. Халықаралық рейтингтік агенттіктердің болжамы бойынша, биылғы жылы мұнай сұранысының өсуінде Қытайдың үлесі басым. Сарапшылар Қытай болашақта тәулігіне 2,3 млн баррель көлемінде импорттай бастайды деп болжайды.
Алдағы апталарда Қытай кедені экспорттаушылар мен мұнай өнімдерінің түрлеріне бөлінген сыртқы сауда туралы егжей-тегжейлі есеп береді деп күтілуде.