ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дайындық барысын бақылау үшін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Комитет басшысы «Риддер ЖЭО» АҚ станциясына барып, энергетикалық жабдықтың ағымдағы жай-күйімен, жөндеу науқанының өту барысымен танысты. Энергетикалық кәсіпорынның басшылығымен жылыту маусымынан өтудің өзекті мәселелері, оның ішінде алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарын уақтылы, сапалы жүргізу тәуекелдері талқыланған.
«Риддер ЖЭО» АҚ-ға жылыту маусымына дайындық үшін 8 мердігер және 3 жобалау ұйымы тартылған. Бүгінгі күні №1-6 ст. барлық қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізіліпжатыр. Сонымен бірге отын беруді жөндеу, қазандықтарды күрделі жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға мердігерлік ұйымдардың 200-ге жуық қызметкері жұмылдырылған.
Еске сала кетсек, Риддер ЖЭО-ын Алматы мәслихатының депутаты – Әміржан Нәбиев стацияның барлық қарызын өзі төлейтінін мәлімдеген. Ведомство мәліметінше, Риддер ЖЭО-ның жалпы қарызы 5,5 млрд теңгені құрайды.
Ал жөндеу жұмыстарына мемлекет 8.5 млрд қаржы бөлді.