Алматыда қалалық маршруттар үшін 200 автобус іске қосылады
Алматыда алғаш рет мектеп жасындағы балаларды тұрғылықты жерінен оқу орнына және кері қарай тегін тасымалдау үшін мектеп автобустарын ұсыну бойынша ауқымды жоба енгізілуде. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Жоба бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс тұратын оқушыларға арналған. Осы мақсатта коммуналдық автопарк Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесіп 100 мектеп автобусын сатып алды. Бұл автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына және техникалық талаптарға сәйкес және көліктерде мыналар қарастырлған: апат кезінде шығу, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус, өрт қауіпсіздігі жүйесі және т.б. Балаларды тасымалдау ілеспе педагогтың қатысуымен және балаларды тасымалдаудың әзірленген ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбектің айтуынша, мектеп автобустары бойынша жаңа жобаның бастамашысы – Алматы қаласының әкімі.
«Бірқатар мемлекеттік мектептер үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылатын мектеп автобустарымен қамтылатын болады. 20 жергілікті автобустар тар жолды тауларға қатынайтын болады. Мектептер қазірдің өзінде бағыттарды, балаларды отырғызу уақытын, аялдамалар санын әзірледі. 1 балаға бір орын бөлінеді, тұрақты орын болмайды. Балалардың қауіпсіздігіне мектеп қызметкерлері жауап береді, олар балаларды үйден мектепке, мектептен үйге ертіп барады», – деді ол.
Еске салсақ, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылы «Мектеп автобусы» жобасы алғаш рет №205 мектепте пилоттық режимде іске асты.
Жобаны іске асыру мынадай мақсаттарды қамтамасыз етуге арналған:
– оқушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру (таксиді өз бетінше пайдаланудан, автобуста өз бетімен жүруден бас тарту);
– балаларды оқу орнына дейін жеткізу қажеттілігі бөлігінде ата-аналарды «түсіру»;
– қарбалас уақытта жол қозғалысы шиеленісінің төмендеуі.
Сонымен қатар, қалалық автопарктердің жылжымалы бірліктерін жаңарту мақсатында Алматыға қалалық маршруттар үшін газбен жүретін 100 автобус жеткізілді. Бұлар – он және он сегіз метрлік автобустар.
Алматыэлектротанс ЖШС пайдалану бөлімінің бастығы Исахан Иманбековтың айтуынша, он метрлік автобустар «таза» қаланы дамыту тұжырымдамасы аясында дизельді автобустарды алмастырады. «Олар №24, №125 және №131 маршруттарда қолданылады. Он сегіз метрлік «гармошкалар» №38, №38а және №37 магистральдық маршруттардың автобустарын ауыстырады», – деді ол.
Аталған автобустар желісіне шығу холдингтің техникалық мамандары «Оңай» жабдығын монтаждау және қалалық көлік базасына енгізу бойынша жүргізілетін болады.
Айта кетерлігі, 2023 жылдың соңына дейін газбен жүретін 500 жаңа автобус жеткізіледі деп күтілуде.