Елімізде сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салуды енгізу жоспарлануда

Жарияланды

«Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Энергетика министрінің бұйрығына өзгерістер енгізіледі. Бұл жайында «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік реттеу енгізілді. Сондықтан халықтың және көптеген кәсіпорындардың отынның осы түріне тез ауысуы байқалады.

Мәселен, 2022 жылы ішкі нарықта тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 28% – ға өсті. Сонымен қатар, 2023 жылдың 6 айында тұтыну өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 100 000 тоннаны құрады.

Ішкі нарық қажеттілігі кезінде маусымға байланысты айына 130-140 мың тонна көлемінде (әкімдіктердің өтініштеріне сәйкес) ҚР Энергетика министрлігі жеткізу жоспары шеңберінде 120-130 000 тонна бөледі.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған газдың әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, оны экспорттауға тыйым салуды енгізу жоспарлануда.

Анықтама: бұрын Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен
2020 жылғы 7 қазанда №347 үш жыл мерзімге автомобиль көлігімен экспортқа тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыз