Еуропаға Қазақстан арқылы өтпек болған шетелдік азаматтар ұсталды – ҰҚК

Жарияланды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстанға турист ретінде келіп, Ресей арқылы Еуропаға бармақ болған шетелдік 5 азамат ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаментінің шекарашылары ұстаған шетелдіктер өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей аумағына қарай өтіп кетуге талпынған.

«Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан. Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік туристердің елімізде орта есеппен қанша күн аялдайтынына қатысты ақпарат таратқан еді.

Ақпаратқа сәйкес, қытайлық туристер елімізде орта есеппен 3,5 күнге тоқтайды екен. Көрші мемлекеттерден келетін саяхатшылар арасында елімізде өзбекстандықтар ең ұзақ аялдайды, 10 күнге дейін.

«eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Германиядан келген саяхатшылар да Қазақстанда 4 күнге аялдайды. Ал, ресейлік туристер 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күнге тоқтайды.

Сондай-ақ оқыңыз