Ішкі нарыққа бір айда 370 мың тоннаға жуық бензин жөнелтіледі

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Тамыз айында Қазақстан өңірлеріне 369 мың тоннадан астам АИ-95 бензині тасымалданады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрлігінің баспасөз қызметі.

«Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді жеткізуге байланысты барлық өтініш 100% қамтамасыз етіліп келеді. Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны – 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізілмек», делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз орталығының хабарлауынша бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр және мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға қатысты барлық өтініш 100%-ға қамтамасыз етілген.

«Жоспар бойынша тамызда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі деп бекітілен. Тамыз айының алғашқы 7 күнінде оның 102,6 мың тоннасы немесе айлық жоспардың 27% тасымалданды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл ретте тамыздың басында Атырау МӨЗ-і бойынша – 125 цистерна, оның ішінде 21 цистерна АИ-95 бензині, Шымкент МӨЗ-і бойынша – 102 цистерна, оның ішінде АИ-95 вагоны жоқ, Павлодар МӨЗ-і бойынша – 80 цистерна, оның ішінде барлығы 20 цистернада АИ-95 бензині жөнелтілген.

Сондай-ақ оқыңыз