«KAZ Minerals» Ресейдегі активтерін еншілес компанияға сатты
«KAZ Minerals» Ресейдегі «Баиимская» кен орнын қазақстандық «Trianon Limited» компаниясына сатты.
«Баиимская» тау кен орны 2023 жылдың шілдесінде «Trianon Limited» қазақстандық компаниясына сатылды. Бұл мәміле аяқталғаннан кейін «KAZ Minerals» Ресейдегі жұмысын тоқтатады», делінген компания хабарламасында.
«КAZ Minerals»-тың негізгі акционерлері Владимир Ким. Ол компанияның 63,5% үлесіне иелік етеді. Қалған 36,5%-ы Олег Новачукке тиесілі. Ал «Trianon Limited» осы екеуіне тиесілі.
«KAZ Minerals» Қазақстанның Бозшакөл мен Ақтоғай ашық кеніштерін және Шығыс Қазақстан облысындағы үш жерасты кеніштерін басқарады. Сонымен бірге Қырғызстанның Бозымшақ алтын және мыс ашық кенішін игереді.
Компанияның негізгі бағыттарының бірі Ресейдегі «Баимская» жобасы болды, оның құны шамамен 8 миллиард долларға бағаланған. «Баимская» тау кен орнының ресурстары 9,5 миллион тонна мыс пен 16,5 миллион унция алтынға бағаланған. Кеніш 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңдеу зауыты жылына 70 миллион тонна кен өңдеуге есептелген. Кен орнында қазіргі уақытта бастапқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Солтүстік теңіз жолы арқылы мыс концентратын нарыққа жеткізу үшін Баимская кен орны мен Наглейнин мүйісіндегі жаңа порт арасында 428 км маусымдық жол салынады. Кен орнын электрмен жабдықтауды «Росатом» корпорациясы салатын және басқаратын атом электр станциясы қамтамасыз етеді.