Мемлекет басшысы Сингапур президентін Республиканың Ұлттық күнімен құттықтады

Жарияланды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

«Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға бере келе, мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді», делінген баспасөз хабарламасында.

Мамырда Сингапур Президенті Халима Якобтың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ресми сапары барысында екі ел арасында маңызды 4 келісімге қол қойылды. 

Біріншіден, Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім жасалды.

Екінші маңызды құжат – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия елдері (С5) мемлекеттік қызметшілері үшін әлеуетті арттыру бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

Сонымен қатар, қос тарап «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Enterprise Singapore» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Төртіншіден, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Enterprise Singapore» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.

«Сингапур Президентінің Орталық Азия елдерінің арасында ең әуелі Қазақстанға келуі – біз үшін зор мәртебе. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз – тарихи оқиға. Бұл сапар біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенімдімін. Қазақстан Сингапурмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге ниетті», деген болатын Мемлекет басшысы кездесу барысында.

Сондай-ақ оқыңыз