ҚНРДА микроқаржы ұйымдарының тұтынушылық несие беру шарттарын қатаңдатты

Жарияланды
Фото: Shutterstock және Freepik

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарының тұтыну несиелерін беруіне талапты күшейтіп, шағын және олрта бизнесті несиелендіру шарттарын жеңілдетті. Сонымен қатар, ломбардтарға қойылатын талаптар қайта қаралды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы 7 маусым күні Агенттік басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы қабылдаған еді. Ол құжат ұйымдардың жүзеге асыратын қызметі мен тәуекел-бейініне қарай пруденциялық нормативтерді саралауды көздейді.

Осылайша, кепілсіз тұтынушылық кредит берудің өсуін шектеу және микроқаржы ұйымдары үшін халықтың шамадан тыс кредит алу тәуекелдерін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде қысқа мерзімді кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 200%-дан 500%-ға дейін көтерілді.

Керісінше микроқаржы ұйымдарының тарапынан ШОБ субъектілеріне кредит беруді ынталандыру үшін қаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігін есептеу кезінде кәсіпкерлік мақсаттарға арналған кепілмен берілетін микрокредиттерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді.

Ломбардтар және оның қаржылық қызметтерін тұтынушылар үшін кредит тәуекелдері деңгейінің төмен болуына байланысты, Қаулымен ломбардтарға меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін және левередж коэффициентін сақтау жөніндегі талаптар алып тасталды.

Қаулы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланып, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыз