Ресей реэкспорт үшін Қырғызстанда өз қоймаларын ашады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қырғызстанда ресейлік компаниялар құрылады. Олар Орталық Азияда параллельді импорттау мүмкіндіктерін іздестіреді, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Бішкек маңында 28,8 гектар жерде Қырғызстандағы ең ірі, аумағы 163 мың шаршы метрді құрайтын Asia Park кешені құрылып жатыр. NF Group өкілі құрылып жатқан кешенді Ресей компаниялары жалдайтынын айтқан. Ол жерде логистикалық операторлары мен маркетплейстер орналастырлмақ.

Ресейлік бизнестің посткеңестік кеңістіктегі елдердегі қоймаларға деген қызығушылығы өткен жылдың күзінен бастап логистикалық тізбектерді мәжбүрлеп қайта қарауға және параллельді импортты дамытуға байланысты арта бастады. Бірақ бұл сұраныстың артуы қоймалардың тапшылығына әкелді.

«Орын тапшылығына байланысты Қырғызстандағы жалға алу тарифтері Мәскеу облысындағы объектілермен тең дәрежеде бағаланады. Қоймалардың 1 шаршы метрі 6,5 мың рубль тұрады», дейді NF Group серіктесі Константин Фомиченко. Оның айтуынша, бірінші тоқсанда бос орындарға деген сұраныс мүлде болмаған.

Өз кезегінде Ресей компаниялары Қазақстанға да қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, DNS, «Спортмастер» және «Лэтуаль» компаниялары осы өңірге өз ұсыныстарымен шыға бастаған. IBC Real Estate қоймалық және өндірістік үй-жайлармен жұмыс бөлімінің басшысы Евгений Бумагиннің айтуынша қаңтар-шілде айларында Wildberries және Ozon компаниялары Қазақстанда 65 мың шаршы метр аумақты құрайтын қоймаларды жалға алған. «Орталық Азияда 80 миллион адам бар, бұл үлкен нарық», дейді сарапшылар.

Сондай-ақ оқыңыз