Жаңалықтар

«Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз»: Президент Twitter-де құттықтау жариялады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске саламыз Үкіметтің 2020 жылғы 4 тамыздағы Қаулысымен, Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күнінің құрметіне орай, 10 тамыз – Абай күні деп бекітілген болатын. Содан бері бұл атаулы дата Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне енгізілген.