Елімізде қызылшамен ауырғандар көбейді – Бас санитар дәрігер

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Елімізде биыл қызылша жұқтырғандар көбейді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі – елдің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Биыл қызылшамен сырқаттанғандар көбейді, қазірге дейін 3 037 жағдай тіркелген. Қызылша ауруы елдің барлық аймақтарында тіркеліп жатыр. Алматы қаласында 1 101 адам, Жамбыл облысында 430 адам, Алматы облысында 352 адам, Атырау облысында 237 адамнан анықталды. Астанада 209 жағдай, Шымкентте 194 адамнан тіркелді», – деді Есмағамбетова.

Айтуынша, басым бөлігі қызылшаға қарсы жоспарлы вакцина салдырмаған балалардан анықталған.

«Ауырғандардың 72%-ы бұл вакцинаны салдырмаған балалар, оның ішінде 60%-ының ата-анасы вакцинадан бас тартқан. Жалпы науқастардың 20%-ында егуге медициналық қарсы белгілері болған, 20%-ы вакцина салуға болатын жасқа жетпеген», – деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.


Сондай-ақ оқыңыз