Елордада LRT-ны іске қосу 2025 жылға дейін шегерілді

Жарияланды

Елордада LRT жүйесін іске қосу мерзімі 2025 жылға дейін шегерілді. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген. Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 млрд 152 млн доллар немесе 61% болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген.Екінші іске қосу кешенінің құны 735 млн долларды құрайды, яғни 10 станция пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Аяқталу мерзімі уақтылы қаржыландырылса – 2026 жылдың соңына дейін», – деді Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында.

Сондай-ақ оқыңыз