Қырғызстан 2027 жылдан бастап полиэтилен пакеттерін шығаруды және сатуды тоқтатады
Қырғызстан 2027 жылдан бастап полимерлі пленка мен пластикалық бұйымдардан жасалған пакеттерді өндіруден, сатудан және тегін беруден бас тартады. Мұндай заңға ел Президенті Садыр Жапаров қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл ел аумағында полимерлі пленкадан және пластик бұйымдардан жасалған пакеттерді өндіруге, осы өнімді саудада және қызмет көрсету саласында сатуға және беруге тыйым салынады.
Республиканың ерекше қорғалатын табиғи және биосфералық аумақтарында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап полимерлі пленкадан жасалған пластик бұйымдар мен пакеттерді (экспорт үшін өндірілетін пакеттерді, тұтқалары жоқ және тұрмыста пайдалану үшін өткізілетін биологиялық ыдырайтын полимерлі материалдардан жасалған пакеттерді қоспағанда) өндіруге тыйым салынады.
Заңда айналымға тыйым салынған пластикалық өнімдердің тізімі анықталды: бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстардың барлық түрлері; тағамға арналған бір рет қолданылатын пластикалық қаптама, ПЭТ пластикалық бөтелке (полиэтилентерефталат), пластиктен жасалған бір рет қолданылатын жұмыртқа қаптамасы; кофеден жасалған пластикалық капсулалар, азық-түлік сөмкесі.
Заң ресми жарияланған күннен бастап 15 күн өткен соң күшіне енеді.