Қырғызстаннан заңсыз жолмен елге әкелінген екі вагон темекі тәркіленді
Жарияланды
Мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша, екі вагон темекінің бюджетке төленуі тиіс акциздік құны 585 млн теңгені құрайды. Қырғызстаннан келе жатқан бұл контрабандалық өнімнің жалпы құны 1,5 млрд теңгеге жуық.
«Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр», делінген Қаржылық мониторинг агенттігі жариялаған ақпаратта.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады. Өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.