Жаңалықтар

Жылу энергиясы үшін 958 млн теңгеге жуық қаражат халыққа қайтарылады

Фото: gov.kz

Жылу энергиясы үшін  957,8 млн теңге қаражат тұтынушыларға кері қайтарылады. Бұл жайлы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетініңжәне оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстарды аяқтаған. Нәтижесінде осындай көлемдегі сомаға қайта есептеу жүргізілен. Бұл жұмыстар табиғи монополиялар саласындағы заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырылған.

«Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың дербес шотында жылу маусымында, яғни 2023-2024 жылдар арылығында немесе 2023 жылдың соңына дейін аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен жазылады»,делінген баспасөз хабарламасында.

Белгілі, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының нормаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеу жүргізуге мiндеттеген.

Осылайша, өткен 2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырып жалпы сомасы 957 807,22 мың теңгеге қайта есептеу жүргізген.

Нәтижесінде – Астана қаласы бойынша – 514,491 мың теңге, Алматы қаласы бойынша –15 876,45 мың теңге, Абай облысы бойынша – 755,134 мың теңге, Алматы облысы бойынша –9 199,56 мың теңге, Ақмола облысы бойынша – 18 924,83 мың теңге, Атырау облысы бойынша –11 640,57 мың теңге, Ақтөбе облысы бойынша – 6 211 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысы бойынша –  445 840,44 мың теңге, Жамбыл облысы бойынша – 79 096,62 мың теңге, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 1 976,25 мың теңге, Қарағанды облысы бойынша – 338 261,08 мың теңге, Қызылорда облысы бойынша – 21 627,50 мың теңге, Маңғыстау облысы бойынша – 1 214,63 мың теңге, Павлодар облысы бойынша – 2 044,91 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 623,75 мың теңге қайтарылады.

Бұл ретте, Шымкент, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Түркістан облыстарының тұтынушылары үшін қайта есептеу болмайды, өйткені бұл өңірлерде жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізілген.