117 мың қазақстандық 2 триллион теңге қарызы үшін шетелге шыға алмайды
117 мыңнан астам қазақстандыққа қарызына байланысты шетелге шығуға тыйым салынды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.
«2023 жылғы 24 шілдедегі жағдай бойынша жалпы атқарушылық өндіріс бойынша Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылған азаматтардың саны 117 381 адамды құрайды. Олардың қарызы 2 триллион теңгеден асады», делінген ведомство жауабында.
Сондай-ақ министрлік алимент төлеуден жалтарған 13 316 борышкер бар екенін хабарлады.
«Жалпы алимент төлеуден жалтарушылар проблемалық алименттерге жатқызылады. Яғни, бұл іздеуде жүрген, үш айдан астам атқарушылық өндіріс бойынша берешегі бар, алимент төлеуден қасақана жалтарған тұлғалар. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында алимент бойынша борышкерлердің саны 13 316 адамды құрады», делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.
Осыған дейін «Курсив» 2023 жылы шығуға уақытша шектеу қойылғандар тізімінде борышкерлердің көпшілігі ер адамдар екендігін, ер адамдардың қарызы әйелдерге қарағанда 40% көп екенін жазған олатын. Ал қарызы бар адамдар тізімінде 223-і шетелдік азаматтар.