Алматыда қоғамдық көлікпен жүру ақысы 21 тамыздан бастап қымбаттайды
21 тамыздан бастап оңай картасымен немесе QR коды арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңгені құрайды, яғни баға 20 теңгеге көтеріледі. Қолма-қол төлеген кезде жол жүру ақысы – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға тарифтерді көтеру туралы Қаулыға қол қойды.
«Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға тарифтер төлем тәсіліне қарай мынадай мөлшерде белгіленсін: ұялы байланыс операторының не көлік картасының қызметтері арқылы қолма — қол ақшасыз төлеген кезде — 100 теңге; жол жүру үшін қолма — қол ақшамен төлеген кезде-200 теңге», – делінген Қаулы мәтінінде.
Айта кетейік, Алматыдағы қоғамдық көлікте жол ақысы 200 теңгеге жетті деп хабарлаған болатынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, мәслихат депутаттары 9 тамызда Жол жүру тарифтерін көтеруге дауыс берген болатын. Бірақ соңғы дауыс беруден жарты сағат бұрын Алматы әкімдігі қаланың баспасөз қызметінің чатында Тарифтердің бекітілгені туралы хабарлады. Яғни, баспасөз қызметі бұл мәселені талқылағанға дейін дауыс беру қорытындыларын білген.