Жаңалықтар

Байланыс операторлары инвестиция көлемін ұлғайтуды көздеп отыр

Фото: баспасөз қызметі

2022 жылы ұялы байланыс операторларының абоненттері 4398 петабайтты құрайтын мобильді деректерді тұтынды. Ал 2023 жылдың 6 айында 2513 петабайт тұтынған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлім болды. Байланыс операторларының, Цифрлық даму министрлігінің өкілдері қатысқан бұл жиында байланыс операторлары Интернетті пайдаланудың мұндай жоғары деңгейі және трафиктің тұрақты өсу динамикасы ел мен қоғам үшін оң прогресс тенденцияларын көрсететініне сенімді.

Министрлік дерегінше, интернет инфрақұрылымына түсетін жүктеме Қазақстанның еңбек нарығына да байланысты. Ашық дереккөздердегі ұйымдардың ақпараты бойынша 2021 жылы елде 1 млн-нан астам адам фрилансер болып жұмыс істеді. Бұл елдегі жалдамалы жұмысшылардың жалпы санының шамамен 17% құрайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің жетекші платформаларының жарнамасын жоспарлау құралдарында жарияланған деректер 2023 жылдың басында Қазақстанда 18 және одан жоғары жастағы 11,05 миллион қолданушы әлеуметтік желілерді пайдаланғанын көрсетеді, бұл осы топтағы халықтың жалпы санының 86,3% – на тең

«Beeline Қазақстан» Бас директоры Евгений Настрадиннің айтуынша, интернет сапасын арттыру мақсатындағы 2020-2023 жылдар аралығында Beeline Қазақстанның шығындары  200 млрд теңгеден асқан. Компания биыл 450 мың мобильді желі элементтерінің 90 мыңын ауыстырып, жаңартқан. Ағымдағы позицияларды және одан әрі даму мен өсуді қамтамасыз ету үшін ұялы байланыс операторлары айтарлықтай инвестиция салады. Бұл интернетпен қамту географиясының құрылысы мен кеңеюіне де, байланыстың жаңа буыны – 5G-ге көшуге де қатысты. Осылайша, Tele2/Altel-де күрделі шығындардың тұрақты өсуі байқалады. Желіге тартылған инвестициялар 2020 жылдан бастап 2023 жылғы маусымға дейін 206 млрд.теңгені құрады.

Брифинг барысында пайдалануға берілген әрбір базалық станцияның жұмысын қолдау шығындары туралы жиі айтыла бермейтіні туралы мәселе көтерілді. Орта есеппен желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін операторлар жыл сайын 70 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсайды. Бұл шығындарға жалдау ақысы, трансмиссия, жөндеу жұмыстары және электр энергиясы және т.б. кіреді. Салыстырмалы түрде бір базалық станция 20 пәтер сияқты электр қуатын тұтынады. Ал, елдегі электр энергиясының құны 2022 жылдың 1 тоқсанынан 2023 жылдың 2 тоқсанына дейін 27% – ға қымбаттады.

Яғни, желінің өзіндік құны инфляцияға (оның бес жылдағы жиынтық деңгейі 55%-5 құрады) және электр энергиясының тарифтерінің өсуіне байланысты, бағамдық ауытқулар жыл сайын өсуде, өйткені барлық жабдықтар шетел валютасымен сатып алынады.

Қазақстанның географиялық орналасуы интернетті және байланыс инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл атқарады. Жер көлемі жағынан ірі мемлекет болғандықтан, елдің бүкіл аумағын байланыс инфрақұрылымын және интернетті қамтамсыз етуде уақыт пен  сын-тегеуріндер айтарлықтай рөл атқарады. Елді мекендердің шалғай орналасуы және халқы аз аймақтарда байланыс желілерін салуды және қолдауды қиындатуы мүмкін.

Осы факторларды ескере отырып, Қазақстан Үкіметі мен байланыс операторлары еліміздегі интернет-инфрақұрылымды дамыту және кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Желілерді жаңғырту, интернетпен қамтуды ұлғайту және интернет байланысының сапасын арттыру жөніндегі жобалар географиялық орналасуына қарамастан Қазақстанның барлық тұрғындары үшін Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Мұндай жобаның жарқын мысалы 250+. Елді мекендердегі тұрғындар саны 250-ден асқандарға арналған бағдарлама. Сондықтан да жиында айтылғандай бұл салаға құйылатын инфляция көлемі де артады.