ДДҰ бүкіл әлемде COVID-19 ауруының күрт өскенін хабарлады

Жарияланды
Фото: Depositphotos

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) апта сайынғы эпидемиологиялық есебіне сәйкес, әлемде COVID-19 ауруы бір айда 80 пайызға өсті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Дүние жүзінде соңғы 28 күнде (2023 жылдың 10 шілдесінен 6 тамызына дейін) 1,5 миллионға жуық жаңа COVID-19 жағдайы және 2500 — ден астам өлім тіркелді. Бұл алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда сәйкесінше 80 пайызға көп», – делінген құжатта.

Осы кезеңде ауру жағдайлары туралы елдер мен аумақтардың 44 пайызы хабарлады (234-тен 103-і). 6 тамыздағы жағдай бойынша әлемде 769 миллионнан астам расталған жағдай және 6,9 миллионнан астам COVID-19 өлімі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз