Жаңалықтар

Елордада мұнай өнімдерінің 38 мың литрге жуық заңсыз айналымы анықталды

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында жалпы сомасы 5 млн теңгені (38 мың литр) құрайтын тауарға ілеспе жүкқұжаттарынсыз бензин мен дизельдік отынның заңсыз айналымы фактілерін анықтады.

Салық төлеушілерге қатысты  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 283-1 бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бұл ретте, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне тауарларға ілеспе жүкқұжаттары міндетті түрде ресімделетінін естеріңізге саламыз.