Мемлекет басшысы «Ақкенттегі» өрттен адамдарды құтқаруға көмектескен азаматтарды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды», делінген баспасөз хабарламасында.
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандар:
1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.
Еске сала кетсек, 1тамыз күні Алматының «Ақкент» ықшам ауданында көп қабатты үй өртеніп, қалың түтін салдарынан тұрғындардың үйден шығуы қиындады. Өрттен қашқан тұрғындар терезеден секіре бастады. Нәтижесінде бір адам қаза тапты.
Өрт кезінде құтқарушыларға құрылыс компаниясында жұмыс істейтін түрік азаматтары мен қарапайым тұрғындар көмекке келді. Құрылыс компаниясы өз кранын беріп, адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесті.