10 тамыз күні Қарағандыда нөсер жаңбыр салдарынан сел жүріп, су деңгейі 10 см көтерілген. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Салдарынан жеке 3 тұрғын үйдің ауласын су алып, «Дәулет» күрес түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі және Алтын арқа шағын аудандағы 3 қабатты тұрғын үйдің жертөлесін, Теміржол вокзалы ғимаратын су басқан.
Сонымен қатар, елдің салдарынан «№4 арнайы мектеп-интернатының» шатыры жартылай жұлынып, соның кесірінен «ВАЗ-2106» және «Volkswagen Passat» көліктері зақымданған. Зардап шеккендер жоқ
Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды.
«11 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі», делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. асыңыз.