Бүгін сағат 13: 20-да МАЭК ЖШС тарапынан электр энергиясын авариялық ажыратылуына байланысты «ҚазАзот»АҚ зауытында 2 агрегаттың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің хабарлауынша, Сөндіру нәтижесінде әлсіз азот қышқылының өндірістік цехында атмосфераға нитрозды газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды.
Экология департаментінің қызметкерлері кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында атмосфералық ауаны өлшеуді жүзеге асырды, ластаушы заттардың ШРК асып кетуі тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта Департамент «ҚазАзот» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеруді ашу бойынша жұмыс жүргізуде.