Қырғызстаннан тамыз айында кесте бойынша берілген су мөлшері 0 м3/сек: Бүкіл аудан суарудан ажырап қалды

Жарияланды (жаңартылды )
вода
Фото: kursiv.media

Оңтүстіктегі су тапшылығы шаруалар үшін ауыр тиді. 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр. Ал Қырзыстан тарабы суды келісілген мөлшерде жібермей қойды. Бұл мәселе ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ғалидолла Азидуллиннің Жамбыл облсына жұмыс сапары барысында көтерілді.

«Бүгінгі таңда Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырғанның өзінде 7,26 м3/сек құрайды, пропорционалды үлестердегі су және су айналымы әдісімен Жамбыл және Байзақ аудандарына бөлінеді, Талас ауданы суарудан толығымен ажыратылып отыр. Суармалы судың тапшылығын Байзақ, Талас және басқада Жамбыл аудандары сезінеді, іс жүзінде Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр», делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Мәселен, ағымдағы жылдың 9 тамызындағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн. м3 құрады, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 144,8 млн.м3-ке аз. Өткен жылы жалпы 177,28 млн. м3 су жиналған.

«Талас өзенінің былтырғы жылдың тамыз айындағы кестелік көрсеткіш бойынша Қазақстанның қажеттілігі 45 м3 / сек құрайтын, іс жүзінде су берілмеген – 0 м3/сек. Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен «Жамбыл ГРЭС» АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 м3/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ Талас өзенінің арнасына экологиялық тазарту қарастырылып отыр», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Талас өзенінің арнасына судың түсуін ұлғайту мақсатында «Қазсушар» РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді, бұл Талас өзеніне судың түсуін 5-тен 8 м3/сек-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар егін шаруашылығындағы су мөлшерінің шығынын азайтуға мүмкіндік бермек.

Су тапшылығына байланысты Қордай ауданының Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас және Степное ауылдық округтері суарудан шығарылған.

Ал Меркі ауданының ЗБЧК каналы бойынша Қырғызстаннан су 4-5 жыл бойы берілмеген. Соның салдарынан 10 мың гектарға жуық егістік өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жағдайдан шығу үшін ЗБЧК арнасын Ішкі көз – Аспара өзенінен толтырып келген.

Сумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып және аталған аудандарда әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловтың тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылған. Ол осы жылдың 18-20 шілдесі аралығында Қордай, Байзақ және Талас аудандарының егіс алқаптарын визуалды тексерген.

«Жалпы, визуалды тексеру Қырғыз Республикасы тарапынан суармалы судың жеткіліксіз түсуіне байланысты егістіктерде қалыптасқан қолайсыз жағдай туралы растады. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуінен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізілетін болады», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалында пилоттық жоба шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп, келесі вегетациялық кезеңде қолда бар егістік алқаптарына су берудің қажетті көлемін есептеу үшін егістіктің нақты картасын анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Жыл сайын су ресурстарының жетіспеушілігі барған сайын артып барады соған орай біз жыл сайын ылғал сүйгіш дақылдарды егуді қысқартуды, ылғал үнемдейтін технологияларға көшуді, ауыспалы егістерді, суару режимдерін және басқа да мелиорациялық шараларды сақтауды ұсына отырып, бұл мәселені көтереміз», деді Ғалидолла Азидуллин.

Сондай-ақ оқыңыз