Шілде айында жаңа автокөліктердің сатылымы 11,9% артты

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Шілде айында жаңа автокөліткердің сатылымы 11,9% артқан. Бұл жайлы Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы хабарлады.

Атап айтқанда, жаздың екінші айында 18 836 жаңа автомобиль сатылған. Бұл маусымдағы нәтижеден 11,9% атық.

«Бұл отандық авторитейл тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. Дилерлер 17 609 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық көлік, сонымен қатар 1 227 жүк көлігі мен автобус сатты, бұл былтырғы шілдемен салыстырғанда 61,5% жоғары нәтиже. Ал жыл басынан бері 102 087 авто сатылды», делінген қауымдастықтың баспасөз хабарламасында

Hyundai көліктері былтырғы шілдеге қарағанда екі есе қарқынмен сатылған. 5 135 көілк сатылған. Ал Chevrolet дилерлері 3 754 машина сатқан. Үшінші орында Kia бренді тұр. Бұл көліктердің 2 303 моделі өткен. Camry маркасын қайта саудаға шығарған Toyota көліктерінен 1 183 дана саталып, төртінші қатардан көрінген. Ал одан кейін сұранысқа ие болған Chery маркалы көліктері мен Haval және Changan көліктері. Ал азырақ сатылған көліктер арасында Jac, Lexus, Exeed маркалы автомобильдері бар.

«Биыл аса танымал болған модельдер рейтингінде өзгеріс бар. Chevrolet Cobalt ең үлкен сұранысқа ие. Бұл модельдегі 2 155 көлік сатылды. Екінші орынды Kia Sportage (1240) иеленсе, үздік үштікті бұл жолы Hyundai Bayon (1217) түйіндеді. Бұлардан бөлек тізімде Chevrolet Onix, Hyundai Sonata, Hyundai Santa Fe, Hyundai Tucson, Chery Tiggo 7 Pro, Jac J7, Toyota Camry бар», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз