Орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлері азаматтық қызметшілер емес. Сондықтан, осыған дейін, табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне үстемақы төлеу туралы билік тарапынан қабылданған шешім аталған санаттағы қызметкерлер үшін жарамсыз. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.
«Қазіргі уақытта штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерді және табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерін үстемеақымен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен пысықталуда», делінген хабарламада.
Мәселе неден туындады? Үкіметтің биыл 14 шілдедегі Қаулысына сәйкес мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің штаттық қызметкерлеріне, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығы мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына
2023 жылғы 14 шілдедегі № 581 Қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес үстемеақылар мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің штаттық қызметкерлеріне, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығы су айдындарын балықтандыру жөніндегі өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына үстемақы көзделген.
Алайда, орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлеріне жоғарыда үстемеақы белгілеу жөніндегі норма мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппаған. Өйткені, қаулының ережелері азаматтық қызметшілер санатына кірмейтін штаттан тыс қызметкерлерге қолданылмайды екен.
Осы мәселені шешу мақсатында Экология министрлігі орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілерімен кәсіптік одақтарының өкілдерімен бірлесіп, бюджет қаражатын үнемдеу және тауарларды өткізу есебінен штатқа кіретін әкімшілік қызметшілер мен табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс жұмыскерлері үшін жалақыны ұлғайту мүмкіндігін көздейтін Салалық келісім жасасты. Қазір осы құжат Қаржы министрлігінің қарауында жатыр.