Таиландтағы жағажайларда коменданттық сағат енгізілуі мүмкін

Жарияланды

Таиландтағы Паттайя курорттық қаласының жағажайларында коменданттық сағат енгізілуі мүмкін. Бұл туралы  inbusiness.kz хабарлады.

Bangkok Post басылымның мәліметінше, жағажайларда таңертеңге дейін жалғасатын шулы кештер өтіп, қоқыс тау болып үйіліп жатады. Жергілікті тұрғындардың осыған қатысты шағымдары жиілеген.

«Бүгінгі таңда бұл жағажайлардың ашылу және жабылу сағаттарын енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл мәселені шешу жолы болуы мүмкін», – деді Паттайя мэрінің орынбасары Вуттисак Ремкичакан.

Сондай-ақ оқыңыз