Алматыда «барахолка» базары аумағында ірі өрт шықты
Жарияланды
Алматыда «барахолка» маңында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,12 тамыз сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
«Жедел штаб, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылды. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты жоғары температура жоғарылап, құрылымдардың құлау қаупі пайда болды. Көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді»-делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖД 25 техникасы, 85 адамы, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.