Жаңалықтар

Алматыдағы барахолка базарындағы өрт оқшауланды

Барахолка базарындағы өрт оқшауланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматылық өрт сөндірушілердің күшімен 2250 ш.м. аумақтағы өрт оқшауланды»-делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖД 25 техникасы, 85 адамы, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Айта кетейік, Алматыда «барахолка» базары аумағында ірі өрт шықты деп хабарладық.