«KEGOC» АҚ 11 тамызда Астана уақытымен сағат 14:20-да Маңғыстау облысындағы ЖЭО-2-де екі турбоагрегат сөндірілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Соның салдарынан Атырау электр орталығында тұтынушылық – 45 МВт-қа, кейіннен Маңғыстау электр орталығында 98 МВт-қа ажыратылды.
«Автоматтандырудың жүйелі жұмысы желі мен инфрақұрылым объектілеріне ауыр зардаптар келтірмеуге ықпал етті. 1-ші санатты тұтынушылардың, өмірлік маңызды нысандардың, соның ішінде ауруханалардың жұмысы зардап шеккен жоқ», – деп жазды KEGOC компаниясынан.
Кейін, сағат 16:30-да жаңа апат орын алған. Жүктеме 147 МВт-қа төмендеген соң, МАЭК ЖЭО-дағы 3-блок өшірілді. Бұл Атырау энергетикалық орталығында электр энергиясын тұтынуды 55 МВт-қа және Маңғыстау энерготорлығында 35 МВт-қа шектеуге алып келді. Соның салдарынан 220 кВ Орал-Атырау-Маңғыстау транзитіне қайта жүктеліп, сағат 16:35-те апаттық автоматтан 2540-линия сөндірілді. Осы себептен Атырау және Маңғыстау энергетикалық орталықтары оқшауланған жұмысқа бөлінді, сонымен қатар Қаламқас ГТЭС пен Орал ГТЭС-200 жұмысы да тоқтаған (генерацияның 116 МВт-қа төмендеуі). Сағат 16:58-де Атырау және Маңғыстау энергия орталықтарының жұмысы қалпына келтірілді.
«Ұлттық электр желісі қалыпты жұмыс істеуін жалғастырып, істен шыққан қуаттарды ішінара ауыстырды.
Сағат 19:15-те Атырау энергетика орталығындағы шектеу толық алынып тасталды.
12 тамыздағы сағат 01:00-дегі жағдай бойынша Маңғыстау энергетикалық торабында 108,5 МВт-қа жуық өнеркәсіптік тұтынушылар шектелген.
«МАЭК ЖЭО 3 блогында апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін желінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін Маңғыстау электр орталығының өнеркәсіптік тұтынушыларын күнделікті шектеу қажет. Бұл ретте тұрғындардың және әлеуметтік маңызы бар нысандардың қажеттіліктері бірінші кезекте қамтамасыз етіледі», – делінген компания хабарламасында.