Абай облысында жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауға алынды

Жарияланды

Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында жалпы сомасы 8 098,2 млн теңгеге жылу желілері мен жылу көздерін жөндеу және қайта жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жөндеу жұмысы 30 қыркүйекке дейін аяқталуы керек.

Сонымен қатар жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда екі қазандықта да жұмыстың 80% аяқталды.

Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты 100 Гкал/сағ астам 4 ірі жылу көзімен (ЖЭО – 1, АҚ-1, Семей қаласындағы «Орталық» қазандығы және Бородулиха ауданы Жезкент кентінің қазандығы) және қуаты 100 Гкал/сағ кем 40 жылу көзімен: Бородулиха ауданы – 6, Абай ауданы – 2, Аягөз ауданы – 5, Жарма ауданы – 2, Үржар ауданы – 2 және Курчатов қаласы – 4) қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, облыс бойынша бюджеттік ұйымдарды 273 дербес қазандық жылумен жабдықтайды.

Сондай-ақ оқыңыз