ЕО Батыс Африка елдерінің экономикалық қоғамдастығының республикадағы «демократияны қалпына келтіру» әрекеттерін қолдау үшін Нигерге қарсы жеке санкция енгізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы «Известия» басылымы ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелдің Х әлеуметтік желісіндегі Твиттерге сілтеме жасап хабарлады.
ЕО сыртқы саясат қызметі басшысының айтуынша, Еуроодақ Батыс Африка елдерінің экономикалық қоғамдастығының күш-жігерін қолдайды. Жеке санкциялардың жаңа режимін енгізу арқылы оларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін үлес қосуға дайындалып жатыр.
Баррель қандай санкциялар енгізілетінін айтқан жоқ.