Қазақстанда 13 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қырғызстандық ұсталды
Жарияланды
Астанада 13 жыл қылмыстық қудалаудан жасырынған Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды 24kg.
Басылымның хабарлауынша, 2008 жылдың қазан айында күдікті азаматтардың сенімін пайдаланып, ұялы телефондарды иемденген.
Екі жылдан кейін Бішкек Свердлов ауданының ІІБ ер адам мемлекетаралық іздеуге жарияланды.
Қазіргі кезде Қырғызстан азаматы Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында.
Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.