100 млн теңге: Прокурорлар борышкерлерге осындай мөлшерде алимент төлеткізген

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Осы жылы прокурорлық қадағалау шараларымен алимент төлемей жүрген борышкерлерден 100 млн теңге көлемінде алимент өндірілген. Бұл жайлы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылы прокурорлық қадағалау шараларымен 428 балаларға 100 млн теңге алимент төленді.Жыл басынан барлығы 98 борышкерлер жауапкершілікке тартылды. 7 қасақана төлемеушілерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды. Сонымен қатар, превентивтік шаралар да өткізіледі», делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша қала прокуратурасының үйлестіруімен жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп тұрған. Нәтижесінде барлығы 71 борышкер жұмыспен қамтылып, 51 адамға жұмысқа тұру туралы мәлімдеме берілген.

Сондай-ақ оқыңыз