97 мың балабақша тәрбиешісінің жалқысы 30%-ға артады
Елімізде 97 мың балабақша тәрбиешісінің жалақысы 2,5 есе өседі. Бұл жайлы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін білім беру қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көтеріліп отырған. Ал 2023 жылдың қыркүйегінен бастап, 30 пайызға артады.
«Мемлекет басшысы қолдауымен жүзеге асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже берді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жолымен министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарына әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды», дейді департамент директоры Наталья Жұмаділдаева.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты мен мамандығы бойынша кадрларды еліміздің 39 жоғарғы оқу орындары мен 119 колледжі дайындайды. Қазіргі уақытта педколледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралған.