Аустрия және Андорра князьдігіне елшілер тағайындалды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазақстан Республикасының Аустрия және Андорра князьдігіне елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі және Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып келген Әлібек Әсетұлы Бақаев балық лауазымдарынан босатылған.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз