Жаңалықтар

Азия-Тынық мұхиты қор нарығында Қытай құрылыс компанияларының акциялары құлдырады

Фото; архив kursiv.media


Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор индекстері айтарлықтай төмендеді, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Сейсенбіде Жапонияның екінші тоқсандағы ЖІӨ-нің алдын ала есебі, сондай-ақ шілде айында Қытайдағы өнеркәсіптік өндіріс, бөлшек сауда, жұмыссыздық және негізгі капиталға инвестициялау динамикасы туралы деректер жарияланады. Осы факторлар бірден қор нарығына ықпал етті.

Trading Economics ұсынған болжамы Жапонияның ЖІӨ сәуір-маусымда алдыңғы айлармен салыстырғанда 0,8% өскенін мәлімдеді. Бірінші тоқсанда көрсеткіш 0,7% өскен.

Алайда қор нарығындағы сауда барысында Жапондық Nikkei 225 индексі 1,3%-ға құнсызданды.
Advantest акциялары 3,7%, SoftBank Group – 2,6%, Lasertec – 1,7%, Toyota Motor -1%, Tokyo Electron – 0,7% арзандады. Бұл ретте Rakuten Group (+2,2%), Recruit Holdings (+4,7%), Seven & I Holdings (+1,7%) акциялары өсуде.

Дүйсенбіде Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыстың жаңа толқыны туралы деректер аясында Қытай мен Гонконгтағы нарықтар құлдырады.

Еске сала кетсек, өткен аптада қытайлық құрылыс компаниясы Country Garden Holdings (SPB: 2007) облигациялар бойынша төлемдерді жүзеге асыра алмады және Moody’s оның рейтингін төмендетті. Сондай-ақ аталған ұйым осы жылдың бірінші жартыжылдығында шығынға ұшырағанын хабарлаған.

14 тамыз күні Country Garden 11 юаньдық облигациялары бойынша сауданы тоқтатты. Салдарынан құрылыс компаниясы акциялары Гонконг нарығындағы саудада 10,5%-ға арзандады. Бұған қоса, қытайлық басқа құрылыс компаниялардың бағалы қағаздарының құны төмендеп барады. Осылайша Шэньчжэньдегі сауда кезінде Jinke Property акциялары 7,3%-ға, China Vanke – 2%-ға төмендеді.

«Біз жылжымайтын мүлік саласының жеткізу тізбегіндегі жағдай күрделі болып қалып отыр деп есептейміз, ал тұрғын үйді сатудың, сондай-ақ құрылыс көлемінің қысқаруы Қытайдағы экономикалық өсімге кері әсер етеді», – деді China International Capital Corp шолуында.

Шанхайдағы саудада BYD Co. (-5,6%), ChongQing Changan Automobile (-5,3%), Contemporary Amperex (-4,6%) акциялары құлдырай бастады.

Оңтүстік Кореяның Kospi биржалық индексі мен австралиялық S&P/ASX 200 сауда барысында әрқайсысы 0,9% жоғалтты.

Австралиялық Commonwealth Bank акциялары 0,8%, Westpac Banking – 1,2%, тау-кен өндіруші Pilbara Minerals, Mineral Resources және Liontown Resources компаниялары – тиісінше 6%, 2,9% және 0,6% төмендеді.