Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяға заңсыз өткен екі қазақстандық елге оралады – СІМ

Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кескен қазақстандықтар жақында елге оралады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Олар сот шешімі шыққан соң айыппұлды төледі (1 млн теңгеден астам). Азаматтарымыз жақын арада Қазақстанға оралады деп жоспарланып отыр», – деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда заң бұзған қазақстандықтарға сот үкімі шықты.


«10 тамызда Корея Республикасының мемлекеттік шекарасын 2023 жылдың наурызында заңсыз кесіп өткен Қазақстанның екі азаматына қатысты сот үкімі шықты. Инчхон қаласының аймақтық соты Қазақстан азаматтарының әрқайсысына 3 млн корей вон көлемінде (1 млн теңгеден астам) айыппұл салу, одан кейін елден депортациялау туралы шешім шығарды», – делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылауды өту кезінде Ташкенттен келген екі Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге рұқсат беріледі.

Олар депортациялауды күту үшін арнайы бөлмеге орналастырылды. Алайда түнде қазақстандықтар қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген. 26 наурызда заң бұзған қазақстандықтың бірі ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық кінәсін мойындап, өз еркімен берілді.