Осы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға шетелден 228 мыңға жуық турист келген

Жарияланды
Фото: kursiv.media

2023 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 2,3 есе артты, деп хабарлайды Мәдениет жән спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп күтілуде. Бұл шетелдік қонақтардың Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты», деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Биылғы қаңтар-наурыз аралығында елімізге 227,7 мың шетелдік турист келген. Бұл 130 мың адамға немесе 2,3 есе көп. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстанға 97 мың шетелдік келген.

Алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20%-ға артып, қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.

Сондай-ақ оқыңыз