Қостанай және Рудный ЖЭО-да жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауға алынды
14 тамызда энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Қостанай және Рудный ЖЭО-да жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЭО-1 бойынша «Қостанай ЖЭК» МКК № 1 және 2 энергетикалық қазандықтарға жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіне дейін № 2 түтін құбырын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. ЖЭО – 2 бойынша № 5 энергетикалық қазандықты күрделі жөндеу 1-ЖЭО және жылу желілерін жөндеу жұмыстарына жеке жөндеу персоналының назарын аударуына байланысты кешіктіріліп жатыр. Қызметкерлердің тапшылығы байқалды.
«ССКӨБ» АҚ Рудный ЖЭО-да № 5 энергетикалық қазандыққа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеуде № 4 су жылыту қазандығы, № 2, 6 энергетикалық қазандықтар.
Ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап № 2 қазандықты жөндеу мерзімінің ұлғаюына байланысты № 5 энергетикалық қазандықты жөндеу басталған жоқ. № 1 энергетикалық қазандықты ауыстыру төмен қарқынмен жүргізілуде.
Алаңға «АВ Construction» ЖШС мердігерлік ұйымының 21 маманы ғана жұмылдырылды.
Сапар қорытындысы бойынша аталған ЖЭО басшылығымен проблемалық мәселелерді талқылай отырып, кеңес өткізілді. Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаментіне энергетикалық кәсіпорындардың алдағы жылыту маусымына дайындық барысын бақылауды күшейту тапсырылды.