Қызмет бабында қаза тапқан орманшылардың отбасына оның жалақысының 40%-ы беріледі

Жарияланды
Пожар
Фото: МЧС

«Ашық НҚА» порталында қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы үкімет қаулысы талқыланып жатыр.

Құжатта қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі салдарынан қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру  қағидалары мен мөлшері бекітілген.

«Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы жоба отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін», делінген қаулыда.

Оған сәйкес ақшалай төлем қызметтік міндеттерін, мемлекеттік орман күзету міндеттерін атқару кезінде мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы салдарынан қаза тапқан қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі.

«Қызметкердің, курсанттың мемлекеттік орман күзету қызметшінің отбасы мүшелеріне жұбайы (зайыбы), сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады», делінген құжатта.

Ақшалай төлем уәкілетті органның шешімі негізінде тағайындалады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде жүргізіледі.

Ал төленетін қаражат көлемі қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша қызметшінің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40% мөлшерінде жүзеге асырылады.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Еске сала кетсек, биылғы Абай облысындағы орман өртінің салдарынан 14 орманшы қаза тапты.

Президент Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды.

13 маусым күні Үкіметте Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден және әр балаға 2 млн теңгеден қаржылай көмек берілетіні хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз