Tesla Қытайдағы Model Y электромобильдерінің бағасын төмендетті

Жарияланды

Tesla Қытайдағы Model Y электромобильдерінің бағасын төмендетті. Бұл туралы Іnterfax.ru хабарлады.

13 тамызда компания бағаны екі Мodel Y жол талғамайтын көлік конфигурациясына 14 мың юаньға (1,93 мың доллар) азайтты. Осылайша, Long Range нұсқасы 4,5% – ға, ал Performance 3,8%-ға арзандады.

Уақытша науқан бойынша Tesla сатып алушыларға өндірушінің кіші моделі – Model 3 сақтандыруға 8 мың юань көлемінде субсидия ұсынды.

Соңғы бір жыл ішінде Tesla өзінің электромобильдерінің бағасын бүкіл әлем бойынша өзгертті.

Елде сатылатын кейбір Tesla модельдерінің бағасы 15% – дан астам төмендеді. Бұл Қытайдағы жеке автомобиль конфигурацияларының АҚШ пен Еуропаға қарағанда екі есе арзан болуына әкелді. Сондықтан Американдық автоконцерннің бәсекелестері бағаны төмендетуге мәжбүр.

Өткен тоқсанның қорытындысы бойынша компанияның рентабельділік көрсеткіші күтілгеннен нашар болды. Бірақ бағаның айтарлықтай төмендеуіне қарамастан болжамның теріс нұсқасынан жақсы болды.

Бұл ретте Tesla электромобильдерін Қытайға жеткізу көлемі шілдеде үштен біріне азайып, бір жылдағы ең төменгі мәнге жетті, деп атап өтті Қытайдың жолаушылар көлігі қауымдастығының (CPCA) хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз