Түркиядағы жол апаты: бір науқас ем қабылдап жатыр

Жарияланды

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен бір науқас ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Көпшілігі Қазақстанға оралды. Біреуі (Түркиядағы) ауруханада емделіп жатыр. Қалғандарының жағдайы жақсы», – деді Смадияров.

Айта кетейік, 2023 жылдың 30 шілдесінде таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобус жол апатына түсті. Автобуста болған 12 қазақстандықтың екеуіне операция жасалды.

Жол апатынан кейін жағдайды және азаматтардың денсаулығын білу үшін, қазақстандық консул дереу Аланияға барып, медициналық мекемелерде зардап шеккен отандастарымен кездесті.

Жол апаты салдарына екі қазақстандық қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз