Ағымдағы жылдың тамыз айында өндірілетін жанар-жағармай көлемі елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді
ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, тамыз айында өндірілетін ЖЖМ көлемі елдің ішкі қажеттілігін жабады.
Елдің мұнай базаларында АИ-92 маркалы бензиннің жиынтық қалдықтары 262 мың тоннаны құрайды, бұл елдің қажеттілігін орта есеппен 19 күнге жабады, оның ішінде МӨЗ-дегі қорлар – 12,1 мың тонна.
АИ-95 маркалы бензин қорлары 48 мың тоннаны немесе 16 күнге, оның ішінде МӨЗ-дегі қорлар – 4,2 мың тоннаны құрайды.
Ішкі нарықта автобензиндердің мұнай базаларында өндіруге, тұтынуға және қалдықтарға қатысты мәселелер жоқ.
Ағымдағы жылдың тамыз айында АИ-92 маркалы отын өндірісі 403 мың тонна деңгейінде күтілетін тұтыну көлемі 380 мың тонна болады деп күтілуде. Тамыз айының басындағы қалдықтарды ескере отырып, отынның осы түрінің жалпы көлемі 265 мың тонна көлемінде 668 мың тоннаға жетеді.
Осылайша, қазіргі өндіріс бензиннің ішкі тұтынуын толығымен жабады.
АИ-92 қалдығы тамыз айының соңында 291 мың тоннаға дейін жетеді деп күтілуде.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, ПКОП) жүргізілетін жұмыстарды және осы зауытта АИ-95 өндірісінің болмауын ескере отырып, теңгерімді сақтау үшін АИ-95 импорты жоспарланған болатын. Петросан – 70 мың тонна, Газпромнефть – 12 мың тонна келісімшарт жасады. Тамыз айында импорт-21 мың тонна.
Естеріңізге сала кетейік, АИ-95 автобензиніне шекті бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылмайды және тиісінше баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады.