Энергетика министрлігі дизель отынына тапшылық болмайды деп мәлімдеді

Жарияланды

Еліміздің мұнай базаларындағы дизель оныны бойынша жиынтық қалдықтары 504 мың тоннаны құрайды. Бұл елдің қажеттілігін орта есеппен 28 күнге қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

Ал оның ішінде МӨЗ – дегі қорлар-67,6 мың тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта ішкі нарықта дизель отыны мұнай базаларында өндірісте, тұтынуға және қалдықтарға байланысты қандай да бір мәселелер жоқ.

Тамыз айында Дизел отыны бойынша өндірісі 526 мың тонна деңгейінде күтілетін тұтыну көлемі 500 мың тонна болмақ.

Дизель отынының жалпы көлемі 1009 мың тоннаны құрайды (тамыз айының басындағы қалдық 483 мың тонна + тамыз айында күтілетін өндіріс 526 мың тонна).

Ағымдағы өндіріс дизель отынындағы ішкі тұтынуды толығымен қамтиды.

Ағымдағы жылдың тамыз айының соңында қалдық шамамен 513 мың тоннаны құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз