2023 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 103,6% құрады.Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Алғашқы жеті ай ішінде 26 272,9 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 12256 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 46,6%), өңдеуде – 12 272,9 млрд теңгеге (46,7%) жетті.
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 3,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 6,3%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 6,2% байқалды.
Өңірлер арасында едәуір өсім Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.
Шикі мұнайды (105,6%), табиғи газды (102,5%), темірді қоспағанда, кендерді (102%), өзге де пайдалы қазбаларды (114,2%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-шілдеде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдері – 4,5%, сусындар – 6,4%, химия өнеркәсібінің өнімдері – 4,1%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 8%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 8,1%, машина жасауда 28,7% деңгйінде байқалды.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда облыстарында белгіленді.