Көкшетауда автомобильге газ құю станциясына жарты миллион теңге айыппұл салынды
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші бойынша «Шерол 2017» ЖШС газ құю станциясында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» заңының талаптарын орындау бойынша жоспардан тыс тексеріс жургізді.
Тексеру барысында салыстырып-тексеру мерзімі өткен өлшем құралдарын пайдалану анықталды, дәлірек айтқанда 3 дана УЗСГ типті сұйытылған газды толтыру қондырғылары.
Кәсіпкерлік субъектісіне қатысты осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 419-бабына сәйкес 534 750 теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылды және заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды. Әкімшілік іс субъектінің өтініші бойынша қысқартылған тәртіппен қаралды.
Айыппұлдың толық сомасы төленді. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Департамент қызметкерлері «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» заң талаптарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.