Талдықорғанда әскери ұшақты дайындау кезінде бір әскери қызметші көз жұмды
Жарияланды
Талдықорғанда әскери ұшақты дайындау кезінде бір әскери қызметші көз жұмды. Бұл туралы inbusiness.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
«2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кетуі орын алды. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды. Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – деп хабарлады ведомство.