«Almaty Business» өңірлік бағдарламасы: Бизнес өкілдеріне 6%-бен несие беріледі
Аймақтық бағдарлама аясында бизнеске арналған жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді.
«Almaty Business» өңірлік бағдарламасы аясында «Jana Business» жаңа қосалқы өнімі 7% орнына 6% жеңілдетілген несие бойынша жүзеге асырылады. Шартқа сәйкес, 100 млн теңге, 7 жыл мерзімге беріледі.
«Бағдарламаның тағы бір жаңашылдығы өнеркәсіп парктері субъектілеріне жылдық 6%-бен, 500 млн теңгеге дейін, 7 жылға дейінгі мерзімге несие алу мүмкіндігін беруде», – деді Берік Солтанбаев.
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы «Алматы Бизнес – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында 2023 жылдың алғашқы 6 айында 88 жоба қаржыландырылып, 707 жұмыс орнының құрылғанын да атап өтті.